Мақсаты мен көрсеткіштері


Міндет 4.1

2030 жылға дейін барлық қыздар мен ер балалардың талап етілетін және тиімді оқу нәтижелеріне жетуге мүмкіндік беретін ақысыз, сапалы және тең құқылы бастауыш және орта білімге ие болуын аяқтауды қамтамасыз ету

Көрсеткіш 4.1.2


Міндет 4.2

2030 жылға дейін барлық қыздар мен ер балаларды бастауыш білім алуға дайын болатындай сапалы даму, күту жүйелерімен және мектеп жасына дейінгі балаларды мектепалды оқытуға қолжетімділікпен қамтамасыз ету

Міндет 4.3

2030 жылға дейін барлық әйелдер мен еркектерді қымбат емес және сапалы кәсіптік-техникалық және жоғарғы біліммен, соның ішінде университеттік біліммен қамтамасыз ету

Көрсеткіш 4.3.1.1


Міндет 4.4

2030 жылға дейін талап етілетін машыққа, атап айтқанда жұмысқа орналасу, лайықты жұмысқа ие болу және кәсіптік қызметпен айналысу үшін кәсіптік-техникалық машыққа ие жас және ересек адамдардың мөлшерін анағұрлым ұлғайту

Көрсеткіш 4.4.1.1


Міндет 4.5

2030 жылға дейін білім беру саласындағы гендерлік теңсіздікті жою және халықтың осал топтарын, атап айтқанда мүгедектерді, байырғы халық өкілдері мен осал жағдайдағы балаларды білімге және барлық деңгейдегі кәсіптік-техникалық даярлауға деген бірдей қолжетімділікпен қамтамасыз ету.

Көрсеткіш 4.5.1.2


Міндет 4.6

2030 жылға дейін барлық жас адамдар және еркектерді де, әйелдерді де қосқандағы ересек халықтың анағұрлым көп үлесі оқи алатындай, жаза алатындай, санай алатындай жасау

Міндет 4.a

Балалардың мүдделерін, мүгедектердің ерекше қажеттіліктерін және гендерлік аспектілерді ескеретін білім ордаларын құру және жетілдіру және барлығына бірдей қауіпсіз, зорлықтан және әлеуметтік тосқауылдардан еркін және тиімді білім алу ортасын қамтамасыз ету

Көрсеткіш 4.a.1

Көрсеткіш 4.a.1.2

3 ауысымды мектептердің үлесі
  • Көрсеткіш күйі Интернетте хабарланған

Көрсеткіш 4.a.1.3

Апатты жағдайдағы мектептердің үлесі
  • Көрсеткіш күйі Интернетте хабарланған

Міндет 4.b

2020 жылға дейін дамыған және басқа да дамушы елдерде кәсіптік-техникалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, техникалық, инженерлік және ғылыми бағдарламаларды есептегенде жоғары білім алу үшін дамушы, әсіресе ең нашар дамыған елдерге, шағын аралдық дамушы мемлекеттер және африка елдеріне ұсынылатын шәкіртақылар мөлшерін бүкіл әлем бойынша көбейту

Міндет 4.c

2030 жылға дейін білікті мұғалімдер санын дамушы, әсіресе ең нашар дамыған елдер және шағын аралдық дамушы мемлекеттерде мұғалімдерді даярлау бойынша халықаралық ынтымақтастық арқылы көбейту

Жоғарыға оралу