Міндеттер

Көрсеткіштер

3.1 2030 жылға дейін ана өлімінің ғаламдық коэффициентін 100000 тірі туу бойынша кем дегенде 70 оқиға көрсеткішіне дейін төмендету
3.1.1 Интернетте хабарланған Ана өлім-жетімінің коэффициенті Тегтер
3.2 2030 жылға дейін нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалардың алдын алуға болатын өлімдерін тоқтату, бұл жағдайда елдер неонатальдық өлімді 1000 тірі туу бойынша 12 оқиғадан аспайтын көрсеткішке, ал бес жасқа дейінгі өлімді 1000 тірі туу бойынша 25 оқиғадан аспайтын көрсеткішке төмендетуге тырысуы тиіс
3.2.2 Интернетте хабарланған Неонатальдық өлім-жетімінің коэффициенті Тегтер
3.3 2030 жылға дейін ЖИТС, туберкулез, безгек індеттерін және тиісті назар аударылмайтын тропикалық ауруларды жою және сары аурумен, су арқылы жұғатын және басқа да жұқпалы аурулармен күресті қамтамасыз ету
3.3.2 Интернетте хабарланған 100 000 адам бойынша туберкулезбен ауыру Тегтер
3.3.4 Интернетте хабарланған 100 000 адам бойынша В гепатитімен ауыру Тегтер
3.4 2030 жылға дейін жұқпалы емес аурулардан болатын мезгілсіз қазаларды профилактика, емдеу және психикалық денсаулық пен саулықты қолдау арқылы үштен бірге кеміту
3.4.2 Интернетте хабарланған Өзіне өзі қол жұмсаудан өлім-жітім Тегтер
3.5 Психикалық белсенді заттарға, соның ішінде есірткі құралдары мен алкогольдік ішімдіктерге деген тәуелділіктен алдын ала емдеуді және емдеуді жақсарту
3.6 2020 жылға дейін бүкіл әлем бойынша жол-көлік апатының салдарынан болған өлімдер мен жарақаттар санын екі есе азайту
3.6.1 Интернетте хабарланған Жол-көлік оқиғаларының нәтижесіндегі өлім-жітім Тегтер
3.7 2030 жылға дейін отбасын құруды жоспарлау, ақпарат беру және білім беруді қоса алғанда сексуалды және өрбіту денсаулығын сақтау бойынша қызметтерге жалпыға ортақ қолжетімділікті және ұлттық стратегиялар мен бағдарламалардағы өрбіту денсаулығын сақтау мәселелерін ескеруді қамтамасыз ету
3.8 Денсаулық сақтау қызметтерін жаппай қамтамасыз ету, соның ішінде қаржылық қауіптерден қорғанысты, негізгі медициналық-санитарлық қызметтерге деген қолжетімділікті және қауіпсіз, тиімді және барлығына арналған қымбат емес негізгі дәрілік заттар мен вакциналарды қамтамасыз ету
3.9 2030 жылға дейін қауіпті химиялық заттардың әсер етуі және ауа, су және топырақтың ластануы мен улануы нәтижесінде болатын өлімдер мен аурулардың мөлшерін айтарлықтай азайту
3.9.3 Интернетте хабарланған Абайсыз уланудан өлім-жітім Тегтер
3.a Қажет жағдайда, Дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау ұйымының темекiге қарсы күрес жөнiндегi негiздемелiк конвенциясын жүзеге асыруды іске қосу
3.b Бірінші кезекте дамушы елдерге қатысты жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды емдеуге арналған вакциналар мен дәрілік заттарды даярлау мен зерттеулерге жәрдемдесу, дамушы мемлекеттерге халықтың денсаулығын сақтау мақсаттары үшін және негізінен, барлығына бірдей дәрілік заттарға деген қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін икемділікті ұстануға қатысты Келісімнің зияткерік меншік құқықтарының сауда аспектілері бойынша ережелерін толық көлемде пайдалануға рұқсат берілетін «ТРИПС бойынша келісім және әлеуметтік денсаулық сақтау» Дохалық мәлімдемесіне сәйкес қымбат емес негізгі дәрілік заттар мен вакциналарға деген қолжетімділікті қамтамасыз ету
3.c Ең нашар дамыған елдерде, әсіресе шағын аралдық дамушы елдерде денсаулық сақтауды қаржыландыруды және медицина қызметкерлерін жинау, дамыту, мамандыққа даярлау және қызметте ұстау көрсеткішін анағұрлым көбейту
3.d Алғашқы ескерту, қауіптерді төмендету және денсаулық үшін ұлттық және ғаламдық қауіптерді реттеу саласында барлық елдердің, әсіресе дамушы елдердің әлеуетін арттыру