Мақсаты мен көрсеткіштері


Міндет 3.1

2030 жылға дейін ана өлімінің ғаламдық коэффициентін 100000 тірі туу бойынша кем дегенде 70 оқиға көрсеткішіне дейін төмендету

Көрсеткіш 3.1.1

Ана өлім-жетімінің коэффициенті
  • Көрсеткіш күйі Интернетте хабарланған

Көрсеткіш 3.1.2

Білікті медициналық қызметкерлердің босандыру үлесі
  • Көрсеткіш күйі Интернетте хабарланған

Міндет 3.2

2030 жылға дейін нәрестелер мен бес жасқа дейінгі балалардың алдын алуға болатын өлімдерін тоқтату, бұл жағдайда елдер неонатальдық өлімді 1000 тірі туу бойынша 12 оқиғадан аспайтын көрсеткішке, ал бес жасқа дейінгі өлімді 1000 тірі туу бойынша 25 оқиғадан аспайтын көрсеткішке төмендетуге тырысуы тиіс

Көрсеткіш 3.2.1

Бес жасқа дейінгі балалар өлім-жетімінің коэффициенті
  • Көрсеткіш күйі Интернетте хабарланған

Көрсеткіш 3.2.2

Неонатальдық өлім-жетімінің коэффициенті
  • Көрсеткіш күйі Интернетте хабарланған

Міндет 3.3

2030 жылға дейін ЖИТС, туберкулез, безгек індеттерін және тиісті назар аударылмайтын тропикалық ауруларды жою және сары аурумен, су арқылы жұғатын және басқа да жұқпалы аурулармен күресті қамтамасыз ету

Көрсеткіш 3.3.1

100 000 мың адам бойынша жаңадан анықталған АИТВ мөлшері
  • Көрсеткіш күйі Интернетте хабарланған

Көрсеткіш 3.3.1.1

Көрсеткіш 3.3.2

100 000 адам бойынша туберкулезбен ауыру
  • Көрсеткіш күйі Интернетте хабарланған

Көрсеткіш 3.3.3

100 000 адам бойынша безгекпен ауыру
  • Көрсеткіш күйі Жарамсыз

Көрсеткіш 3.3.4

100 000 адам бойынша В гепатитімен ауыру
  • Көрсеткіш күйі Интернетте хабарланған

Міндет 3.4

2030 жылға дейін жұқпалы емес аурулардан болатын мезгілсіз қазаларды профилактика, емдеу және психикалық денсаулық пен саулықты қолдау арқылы үштен бірге кеміту

Көрсеткіш 3.4.2

Өзіне өзі қол жұмсаудан өлім-жітім
  • Көрсеткіш күйі Интернетте хабарланған

Міндет 3.5

Психикалық белсенді заттарға, соның ішінде есірткі құралдары мен алкогольдік ішімдіктерге деген тәуелділіктен алдын ала емдеуді және емдеуді жақсарту

Міндет 3.6

2020 жылға дейін бүкіл әлем бойынша жол-көлік апатының салдарынан болған өлімдер мен жарақаттар санын екі есе азайту

Көрсеткіш 3.6.1

Жол-көлік оқиғаларының нәтижесіндегі өлім-жітім
  • Көрсеткіш күйі Интернетте хабарланған

Міндет 3.7

2030 жылға дейін отбасын құруды жоспарлау, ақпарат беру және білім беруді қоса алғанда сексуалды және өрбіту денсаулығын сақтау бойынша қызметтерге жалпыға ортақ қолжетімділікті және ұлттық стратегиялар мен бағдарламалардағы өрбіту денсаулығын сақтау мәселелерін ескеруді қамтамасыз ету

Көрсеткіш 3.7.2.1


Міндет 3.8

Денсаулық сақтау қызметтерін жаппай қамтамасыз ету, соның ішінде қаржылық қауіптерден қорғанысты, негізгі медициналық-санитарлық қызметтерге деген қолжетімділікті және қауіпсіз, тиімді және барлығына арналған қымбат емес негізгі дәрілік заттар мен вакциналарды қамтамасыз ету

Көрсеткіш 3.8.1

Негізгі медициналық-санитарлық қызметтермен қамту
  • Көрсеткіш күйі Дереккөздерін зерттеу

Міндет 3.9

2030 жылға дейін қауіпті химиялық заттардың әсер етуі және ауа, су және топырақтың ластануы мен улануы нәтижесінде болатын өлімдер мен аурулардың мөлшерін айтарлықтай азайту

Көрсеткіш 3.9.1

Көрсеткіш 3.9.3

Абайсыз уланудан өлім-жітім
  • Көрсеткіш күйі Интернетте хабарланған

Міндет 3.a

Қажет жағдайда, Дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау ұйымының темекiге қарсы күрес жөнiндегi негiздемелiк конвенциясын жүзеге асыруды іске қосу

Міндет 3.b

Бірінші кезекте дамушы елдерге қатысты жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды емдеуге арналған вакциналар мен дәрілік заттарды даярлау мен зерттеулерге жәрдемдесу, дамушы мемлекеттерге халықтың денсаулығын сақтау мақсаттары үшін және негізінен, барлығына бірдей дәрілік заттарға деген қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін икемділікті ұстануға қатысты Келісімнің зияткерік меншік құқықтарының сауда аспектілері бойынша ережелерін толық көлемде пайдалануға рұқсат берілетін «ТРИПС бойынша келісім және әлеуметтік денсаулық сақтау» Дохалық мәлімдемесіне сәйкес қымбат емес негізгі дәрілік заттар мен вакциналарға деген қолжетімділікті қамтамасыз ету

Міндет 3.c

Ең нашар дамыған елдерде, әсіресе шағын аралдық дамушы елдерде денсаулық сақтауды қаржыландыруды және медицина қызметкерлерін жинау, дамыту, мамандыққа даярлау және қызметте ұстау көрсеткішін анағұрлым көбейту

Көрсеткіш 3.c.1


Міндет 3.d

Алғашқы ескерту, қауіптерді төмендету және денсаулық үшін ұлттық және ғаламдық қауіптерді реттеу саласында барлық елдердің, әсіресе дамушы елдердің әлеуетін арттыру

Жоғарыға оралу