Мақсаты мен көрсеткіштері
Міндет 9.1
Экономикалық дамуды және адамдардың әл-ауқатын қолдау мақсатында барлығына бірдей қымбат емес және тең құқылы қолжетімділікті қамтамасыз етуге айрықша назар аудара отырып, өңірлік және трансшекаралық инфрақұрылыммен бірге сапалы, сенімді, орнықты әрі берік инфрақұрылымды дамыту
Көрсеткіш 9.1.1
Міндет 9.2
Жалпыны қамтитын және орнықты индустрияландыруға жәрдемдесу және 2030 жылға қарай өнеркәсіптегі жұмыспен қамту деңгейін және ұлттық талаптарға сәйкес жалпы ішкі өнімдегі өнеркәсіптік өндіріс үлесін едәуір арттыру және ең аз дамыған елдердегі тиісті көрсеткіштерді екі есеге арттыру
Көрсеткіш 9.2.1
Көрсеткіш 9.2.1.1
Көрсеткіш 9.2.1.2
Міндет 9.3
Әсіресе дамушы елдерде ұсақ өнеркәсіптік және басқа кәсіпорындардың қаржылық қызметтерге, соның ішінде қымбат емес кредиттерге қолжетімділігін арттыру және олардың өндіру-өткізу тізбектері мен нарықтардағы интеграциясын күшейту
Көрсеткіш 9.3.2
Міндет 9.4
2030 жылға қарай жеке мүмкіндіктеріне сәйкес барлық елдердің қатысуымен инфрақұрылымды жетілдіру және ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру мен таза әрі экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өнеркәсіптік процесс неғұрлым кең пайдалану есебінен кәсіпорындарды тұрақты етіп қайта жабдықтау
Көрсеткіш 9.4.1
Көрсеткіш 9.4.1.1
Міндет 9.5
Барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде ғылыми зерттеулерді жандандыру, өнеркәсіптік секторлардың технологиялық әлеуетін өсіру, соның ішінде 2030 жылға қарай инновациялық қызметті ынталандыру және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар саласында (ҒЗТКЖ) 1 миллион адамға есептегенде жұмыскерлер санын, сондай-ақ ҒЗТКЖ-ға мемлекеттік және жеке шығыстарды едәуір арттыру арқылы
Көрсеткіш 9.5.1
Міндет 9.a
Африка елдерін, ең аз дамыған елдерді, дамушы елдерді, теңізге шыға алмайтын елдерді және шағын аралдағы дамушы мемлекеттерді қаржылық, технологиялық және техникалық қолдауды арттыру есебінен экологиялық орнықты және берік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу
Міндет 9.b
Дамушы елдердегі отандық технологиялар саласындағы әзірлемелерді, зерттеулерді және инновацияларды, соның ішінде, атап айтқанда өнеркәсіпті әртараптандыруға және шикізат салаларындағы қосылған құнды ұлғайтуға қолайлы жағдай туғызатын саяси климатты жасау арқылы қолдау
Көрсеткіш 9.b.1
Міндет 9.c
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қолжетімділікті едәуір кеңейту және 2020 жылға қарай ең аз дамыған елдерде интернетке деген жалпыға ортақ және қымбат емес қолжетімділікті қамтамасыз етуге ұмтылу