Мақсаты мен көрсеткіштері


Міндет 8.1

Халықтың жан басына шаққандағы экономикалық өсімді ұлттық жағдайларға сәйкес және атап айтқанда, ең аз дамыған елдерде жалпы ішкі өнімнің өсімін жылына кем дегенде 7 пайыз деңгейінде қолдау

Көрсеткіш 8.1.1


Міндет 8.2

Әртараптандыру, техникалық жетілдіру және инновациялық қызмет ету арқылы, соның ішінде жоғары қосылған құны бар секторларға және еңбекті көп қажетсінетін секторларға айрықша назар аудару арқылы экономикада өнімділіктің жоғарылауына қол жеткізу

Көрсеткіш 8.2.1


Міндет 8.3

Өндірістік қызметке, лайықты жұмыс орындарын құруға, кәсіпкерлікке, шығармашылыққа және инновациялық қызметке ықпал ететін дамуға бейімделген саясатты жүргізуге жәрдемдесу және қаржылық қызметтерге қолжетімділікті ұсыну арқылы микро, шағын және орташа кәсіпорындардың ресми танылуы мен дамуын көтермелеу

Көрсеткіш 8.3.1.1


Міндет 8.5

2030 жылға қарай барлық әйелдер мен ерлерді,соның ішінде жастар мен мүгедектерді де толық және өнімді кәсіппен және лайықты жұмыспен және теңдей бағалы еңбек үшін бірдей жалақымен қамтамасыз ету

Көрсеткіш 8.5.2


Міндет 8.6

2020 жылға қарай жұмыс істемейтін, білім оқымайтын және кәсіби дағдыларды үйренбейтін жастардың үлесін едәуір қысқарту

Міндет 8.7

Мәжбүрлеп еңбек еткізуді, заманауи құлдықпен және адам саудасын тамырымен жою үшін шұғыл әрі тиімді шаралар қолдану және жалдау және балаларды әскерге пайдалануды қоса алғандағы балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу мен жоюды қамтамасыз ету, ал 2025 жылға қарай балалар еңбегінің барлық нысандарын жою

Міндет 8.8

Еңбек құқықтарын қорғау және еңбек-мигранттарын, әсіресе әйел-мигранттарды және тұрақты кәсібі жоқ адамдарды қосқандағы барлық еңбек етушілер үшін сенімді әрі қауіпсіз жұмыс жағдайын қамтамасыз етуге жәрдемдесу

Міндет 8.9

2030 жылға қарай жұмыс орындарын құруға, жергілікті мәдениеттің дамуына және жергілікті өнімдерді шығаруға ықпалын тигізетін тұрақты туризмді көтермелеу стратегияларын әзірлеуді және жүзеге асыруды қамтамасыз ету

Көрсеткіш 8.9.1

Туризмнің жиынтық ЖІӨ-ге және өсу қарқынына тікелей үлесі
  • Көрсеткіш күйі Интернетте хабарланған

Көрсеткіш 8.9.1.1

Тікелей туризмде құрылатын ЖҚҚ НКИ
  • Көрсеткіш күйі Интернетте хабарланған

Міндет 8.10

Ұлттық қаржылық мекемелердің қабілеттілігін күшейту және барлығына бірдей банктік, сақтандыру және қаржылық қызметтерге қолжетімділікті көтермелеу және кеңейту

Міндет 8.a

«Саудаға көмек» бастамасының аясында көрсетілетін дамушы елдерге, әсіресе ең аз дамыған елдерге қолдау көрсетуді, соның ішінде Сауда саласында ең аз дамыған елдерге техникалық көмек көрсету үшін Кеңейтілген кешенді негіздемелік бағдарлама бағыты бойынша қолдау көрсетуді ұлғайту

Міндет 8.b

2020 жылға қарай жастарды жұмыспен қамту ғаламдық стратегиясын әзірлеу және қолданысқа енгізу және Халықаралық еңбек ұйымының жұмыс орындары туралы Ғаламдық келісімді жүзеге асыру

Жоғарыға оралу