Мақсаты мен көрсеткіштері
Міндет 7.1
2030 жылға қарай жалпыға ортақ қымбат емес, сенімді және заманауи энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету
Көрсеткіш 7.1.1
Міндет 7.2
2030 жылға қарай әлемдік энергетикалық теңгерімдегі жаңартылатын көздерден энергия үлесін едәуір арттыру
Көрсеткіш 7.2.1
Міндет 7.3
2030 жылға қарай энергиялық тиімділіктің ғаламдық көрсеткішін екі есеге арттыру
Міндет 7.a
2030 жылға қарай экологиялық таза энергетика саласындағы жаңартылатын энергетиканы, энергиялық тиімділікті арттыру және қазбалы отындарды пайдаланудың неғұрлым таза технологияларын қоса алғандағы зерттеулер мен технологияларға қолжетімділікті жеңілдету мақсатында халықаралық ынтымақтастықты жандандыру және энергетикалық инфрақұрылымға және экологиялық таза энергетикаға салынатын инвестицияларды көтермелеу
Міндет 7.b
2030 жылға қарай дамушы елдерде, негізінен, ең аз дамыған елдерде, шағын аралдағы дамушы мемлекеттерде және теңізге шыға алмайтын дамушы елдерде, олардың тиісті қолдау бағдарламаларын ескере отырып, барлығын заманауи және тұрақты энергиямен қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымды кеңейту және технологияларды жаңғырту