Мақсаты мен көрсеткіштері


Міндет 6.1

2030 жылға қарай барлығы үшін қауіпсіз және арзан ауызсуға жалпыға бірдей және тең құқылы қол жетілділікті қамтамасыз ету

Міндет 6.2

2030 жылға қарай тиісті санитариялық-гигиеналық құралдарға жалпыға бірдей және тең құқылы қол жетілділікті қамтамасыз ету және қауосал жағдайдағы әйелдер мен қыздардың және адамдардың қажеттіліктеріне ерекше назар аудара отырып, ашық дефекацияны тоқтату

Міндет 6.3

2030 жылға қарай ластануды азайту, қалдықтар төгіндісін жою және қауіпті химиялық заттар мен материалдар шығарындыларын барынша азайту, тазартылмаған ақаба сулар үлесін екі есеге қысқарту және бүкіл әлемде ақаба сулардың кері айналымы көлемін едәуір арттыру және қауіасіз қайта пайдалану арқылы судың сапасын көтеру

Көрсеткіш 6.3.1

Қауіпсіз тазартылатын ақаба сулар үлесі
  • Көрсеткіш күйі Интернетте хабарланған

Көрсеткіш 6.3.2

Су сапасы жақсы су қоймаларының үлесі
  • Көрсеткіш күйі Интернетте хабарланған

Міндет 6.4

2030 жылға қарай барлық секторларда суды пайдалану тиімділігін едәуір жоғарлату және судың жетіспеушілігі проблемасын шешу үшін тұщы суды орнықты түрде алу мен беруді қамтамасыз ету және судың жетіспеушілігінен зардап шегуші адамдар санын барынша қысқарту

Көрсеткіш 6.4.1

Суды пайдалану тиімділігінің өзгеру динамикасы
  • Көрсеткіш күйі Интернетте хабарланған

Міндет 6.5

2030 жылға қарай барлық деңгейлерде, соның ішінде қажет болған жағдайда трансшекаралық ынтымақтастық негізінде су ресурстарын кешенді басқаруды қамтамасыз ету

Көрсеткіш 6.5.1


Міндет 6.6

2020 жылға қарай сумен байланысты экожүйелерді, соның ішінде тауларды, ормандарды, сулы-балшықты жерлерді, өзендерді, су тұтқыш қабаттар мен көлдерді қорғау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ету

Көрсеткіш 6.6.1

Сумен байланысты экожүйелер алаңының өзгеру динамикасы
  • Көрсеткіш күйі Интернетте хабарланған

Міндет 6.a

2030 жылға қарай үстіңгі ағынды суды жинау, суды тұщыту, суды пайдалану тиімділігін арттыру, ақаба суды тазарту және кері айналым мен қайта пайдалану технологиясын қолдануды қоса алғанда, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және сумен қамту мен санитария саласындағы қызметпен бағдарламаларды жүзеге асыруда дамушы елдер әлеуетін нығайту ісіне қолдау көрсету

Міндет 6.b

Су шаруашылығы мен санитарияны жақсартуға жергілікті қауымның қатысуын қолдау және нығайту

Жоғарыға оралу