Мақсаты мен көрсеткіштері


Міндет 5.1

Әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жаппай жою

Міндет 5.2

Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлықты қоғамдық және жеке салаларда, атап айтқанда адам саудасы мен сексуалды және басқа да пайдаланудың барлық нысандарында жою

Көрсеткіш 5.2.1.1

Көрсеткіш 5.2.1.2


Міндет 5.3

Балалық, ерте және мәжбүрлі некелесу және аналық жыныс мүшелеріне жарымжан ететін оталар жасау секілді барлық зақым келтіретін тәжірибе түрлерін жою

Міндет 5.4

Коммуналдық қызметтерді, инфрақұрылымды және әлеуметтік қорғау жүйелерін ұсынумен және ұлттық жағдайларды ескере отырып, шаруашылықты жүгізудегі және отбасындағы жалпы жауапкершілік қағидасын мадақтаумен үй шаруасын жүргізу және күту бойынша төленбейтін еңбекті мойындау әрі бағалау

Міндет 5.5

Әйелдердің жан жақты және шынайы қатысуын және олар үшін саяси, экономикалық және қоғамдық өмірдегі шешім қабылдаудың барлық деңгейіндегі көшбасшылық үшін бірдей мүмкіндікке ие болуын қамтамасыз ету

Көрсеткіш 5.5.2

Басшы лауазымдардағы әйелдер үлесі
  • Көрсеткіш күйі Интернетте хабарланған

Міндет 5.6

Сексуалды және өрбіту денсаулығын сақтау саласында және Халықаралық конференцияның Тұрғын халық пен даму бойынша іс-әрекеттер бағдарламасына, Әрекеттердің Пекиндік платформасына және оларды орындау барысын қарастыру бойынша конференцияның қорытынды құжаттарына сәйкес өрбіту құқықтарын іске асыруға жалпыға ортақ қолжетімділікпен қамтамасыз ету

Міндет 5.a

Әйелдерге экономикалық ресурстарға тең құқықтарды, сондай-ақ жерді және басқа да меншік түрлерін иеленуге және басқаруға, қаржылық қызметтерге, мұраға қалдырылған мүлікке және ұлттық заңдарға сәйкес табиғи ресурстарға деген қолжетімділікті ұсыну мақсатында реформалар жасау

Міндет 5.b

Тиімділігі жоғары технологияларды, негізінен ақпараттық-коммункациялық технологияларды әйелдердің құқықтарын және мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу үшін белсендірек пайдалану

Міндет 5.c

Гендерлік теңдікті мадақтау және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін бүкіл деңгейлерде кеңейту мақсатында парасатты стратегиялар мен міндетті түрде сақталуы тиіс заңдарды қабылдау және жетілдіру

Жоғарыға оралу