Мақсаты мен көрсеткіштері
Міндет 2.1
2030 жылға дейін аштықты жою және бәрін, әсіресе нәрестелерді қосқанда халықтың табысы аз әрі осал топтарын қауіпсіз, құнарлы және жеткілікті тағамға жыл бойғы қолжетімділікпен қамтамасыз ету
Көрсеткіш 2.1.1
Көрсеткіш 2.1.2
Міндет 2.2
2030 жылға дейін тағам жетіспеушілігінің барлық нысандарын жою, соның ішінде 2025 жылға дейін бес жасқа дейінгі балалар бойының өсуінің тоқтауымен және жүдеуімен күреске қатысты халықаралық деңгейде келісілген мақсаттық көрсеткіштерге жету және жасөспірім жастағы қыздардың, жүкті әйелдердің және қарт адамдардың тамақтануындағы қажеттіліктерді қанағаттандыру
Көрсеткіш 2.2.3
Міндет 2.3
2030 жылға дейін ауыл шаруашылығының өнімділігін және азық-түліктің шағын өндірушілерінің, әсіресе әйелдердің, тұрғылықты халықтардың, фермерлік отбасылық шаруашылықтың, малшылар мен балықшылардың табысын соның ішінде жерге, ауыл шаруашылық өндірісінің өндірістік ресурстарына және факторларына, білімге, қаржылық қызметтерге, нарықтарға және ауыл шаруашылық емес секторлардағы қосылған құнды және жұмыспен қамтуды ұлғайту мүмкіндіктеріне деген кепілдендірілген және тең қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы екі есе арттыру
Көрсеткіш 2.3.2
Міндет 2.4
2030 жылға дейін тұрақты азық-түлік өндіріс жүйелерін құруды қамтамасыз ету және өміршеңдікті және өнімділікті арттыруға және өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін, экожүйелерді сақтауға септігін тигізетін, климаттың өзгеруіне, ауа райының төтенше құбылыстарына, құрғақшылықтарға, селдерге және басқа да апаттарға бейімделу қабілетін нығайтатын және біртіндеп жер мен топырақ сапасын жақсартатын ауыл шаруашылықпен айналысу тәсілдерін енгізу
Көрсеткіш 2.4.1
Көрсеткіш 2.4.1.1
Міндет 2.5
2020 жылға дейін тұқымдардың және егілетін өсімдіктердің, сондай-ақ ауыл шаруашылық және үй жануарларының және сәйкесінше олардың жабайы түрлерінің генетикалық сан-алуандығын сақтауды атап айтқанда, түрлі тұқымдар мен өсімдіктердің қорларын ұлттық, аумақтық және халықаралық деңгейлерде тиісті түрде күту арқылы қамтамасыз ету, сонымен бірге генетикалық қорларға және олармен байланысты дәстүрлі білімге деген қолжетімділікті кеңейтуге және халықаралық деңгейде келісілген оларды пайдалану тиімділігінің әділетті әрі теңдей негізінде оларды бірлесіп қолдануға ықпал ету
Міндет 2.a
Ауыл шаруашылық инфрақұрылымына, ауыл шаруашылық зерттеулеріне және агрономиялық насихатқа, технологияларды дамытуға және өсімдіктер мен жануарлар генетикалық қорын жасауға инвестициялауды ауыл шаруашылық өндірісі саласында дамушы елдердің, әсіресе анағұрлым төмен дамыған елдердің әлеуетін күшейту мақсатында атап айтқанда, халықаралық ынтымақтастықты іске қосу арқылы ұлғайту
Көрсеткіш 2.a.1
Көрсеткіш 2.a.2
Міндет 2.b
Ауыл шаруашылық өнімдерінің әлемдік нарықтарындағы сауда шектеулерінің енгізілуін және бұрмалаушылықтың пайда болуын даму мәселелері бойынша Дохалық келіссөздер кезеңінің мандатына сәйкес, атап айтқанда ауыл шаруашылық өнімдерінің экспортын субсидиялаудың барлық нысандарын және баламалы зардаптарға ие барлық экспорттық шараларды бір мезгілде жою арқылы жою және тоқтату
Көрсеткіш 2.b.1
Міндет 2.c
Азық-түлік тауарларының және оларды қайта өңдеу өнімдерінің нарығының тиісті түрде қызмет етуін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау және азық-түлік бағасының шамадан тыс құбылмалылығын шектеуге көмектесу мақсатында нарықтық ақпаратқа деген, соның ішінде азық-түлік қорлары туралы ақпаратқа дер кезінде ие болуға жәрдемдесу