Мақсаты мен көрсеткіштері
Міндет 17.1
Салық жинау және басқа табыстар бойынша ұлттық мүмкіндіктерді көтеру үшін ішкі көздерден қорларды жұмылдыруды күшейту, соның ішінде дамушы елдердің қолдауы нәтижесінде
Көрсеткіш 17.1.1
Көрсеткіш 17.1.2
Міндет 17.2
Дамыған елдердің даму мақсаттарында ресми көмек көрсету (ДРК) бойынша өз міндеттемелерін, соның ішінде көптеген дамыған елдер өздеріне алған дамушы елдерге өзінің жалпы ұлттық кірісінің (ЖҰК) 0,7 пайызы деңгейінде ДРК бағыты бойынша қаражат бөлінуінің және ең нашар дамыған елдерге өзінің ЖҰК 0,15-0,20 пайызы деңгейінде ДРК бөлінуінің мақсаттық көрсеткішіне жету міндеттемесін толығымен орындауын қаматамасыз ету; ДРК ұсынатын мемлекеттерге ең нашар дамыған елдерге ДРК бағыты бойынша кем дегенде өзінің ЖҰК 0,20 пайызын бөлу мақсатын алдына қою туралы мәселені қарастыру ұсынылады
Міндет 17.3
Дамушы елдер үшін әр түрлі көздерден қосымша қаржылық қорларды жұмылдыру
Көрсеткіш 17.3.1.1
Көрсеткіш 17.3.1.2
Көрсеткіш 17.3.1.3
Көрсеткіш 17.3.2
Міндет 17.4
Жағдайларға, қарызға алынған қаражат есебінен қаржыландыруға, борыштық ауыртпалықты жеңілдетуге және берешекті қайта құрылымдауға байланысты мадақтауға бағытталған үйлестірілген саясатты жүргізу нәтижесінде дамушы елдердің берешегінің деңгейінің ұзақ мерзімді жарамдылығын қамтамасыз ету мақсатында көмек көрсету және борыштық ауртпалықтарын жеңілдету мақсатында үлкен берешегі бар кедей елдердің сыртқы берешек мәселесін шешу
Көрсеткіш 17.4.1
Міндет 17.5
Ең нашар дамыған елдердің мүдделерінде инвестицияларды мадақтау тәртіптерін қабылдау және пайдлану
Көрсеткіш 17.5.1
Міндет 17.6
Солтүстік-Оңтүстік, Оңтүстік-Оңтүстік бағытындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ ғылым, техника және инновациялар салаларында үш жақты аумақтық және халықаралық ынтымақтастықты және сәйкес жетістіктерге қолжетімділікті кеңейту; өзара келісілген талаптарда, соның ішінде қолданыстағы механизмдер арасындағы үйлесімнің жақсаруының нәтижесінде, атап айтқанда Біріккен Ұлттар Ұйымының деңгейінде, сондай-ақ технологияларды тапсырудың ғаламдық механизмі көмегімен білім алмасуды жандандыру
Көрсеткіш 17.6.2
Міндет 17.7
Экологиялық қауіпсіз технологияларды дамушы елдер өзара келісілген қолайлы шарттарда, соның ішінде жеңілдікті және артықшылықты шарттарда қабылдайтындай экологиялық қауіпсіз технологияларды даярлау, тапсыру, тарату және игеруге жәрдемдесу
Көрсеткіш 17.7.1
Міндет 17.8
2017 жылға дейін ең нашар дамыған елдердің мүддесінде технологиялар банкі, ғылым, технология және инновация механизмінің толық ауқымды қызмет етуін қамтамасыз ету және тиімділігі жоғары технологиялардың, атап айтқанда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қолданысын кеңейту
Көрсеткіш 17.8.1
Міндет 17.9
Атап айтқанда Солтүстік-Оңтүстік және Оңтүстік-Оңтүстік бағыты бойынша ынтымақтастық және үш жақты ынтымақтастық арқасында тұрақты даму саласында барлық мақсаттарға жету ұлттық жоспарларын іске асыруға жәрдемдесу үшін дамушы елдердің әлеуетінің тиімді және мақсаттық өсімін халықаралық қолдауды күшейту
Міндет 17.10
Дүниежүзілік сауда ұйымының аясында әмбебап, ережелерге негізделген, ашық, кемсітпейтін және әділетті көп жақты сауда жүйесін мадақтау, соның ішінде оның даму саласы бойынша Дохалық күн тәртібі бойынша келіссөздердің аяқталуының нәтижесінде
Көрсеткіш 17.10.1
Міндет 17.11
Негізінен әлемдік экспорттағы ең нашар дамыған елдердің үлестерін 2020 жылға дейін екі есе көбейту мақсатында дамушы елдердің экспортын айтарлықтай көбейту
Көрсеткіш 17.11.1
Міндет 17.12
Дүниежүзілік сауда ұйымының шешімдеріне сәйкес барлық ең нашар дамыған елдерді нарықтарға ұзақ мерзімді негізде бажсыз және бағасы белгіленбейтін қолжетімділікпен, соның ішінде ең нашар дамыған елдерден импортталатын тауарларға қатысты қолданылатын шығу тегінің артықшылықты ережелері таза әрі қарапайым болуын және нарықтарға деген қолжетімділікті жеңілдетуге жәрдемдесуін қамсыздандыру арқылы қамтамасыз ету
Көрсеткіш 17.12.1
Міндет 17.13
Атап айтқанда саясатты үйлестіру және саясаттың жүйелілігін қамтамасыз ету арқылы ғаламдық макроэкономикалық тұрақтылықты көтеру
Көрсеткіш 17.13.1
Міндет 17.14
Тұрақты дамуды қамтамасыз ету бойынша саясатты анағұрлым жүйелі ету
Міндет 17.15
Стратегиялық орағытуға арналған әрбір елде бар кеңістікті және оның кедейлікті жою саясаты мен тұрақты даму саласындағы саясатты даярлаудағы және жүзеге асырудағы маңызды рөлін сыйлау
Көрсеткіш 17.15.1
Міндет 17.16
Барлық елдерге, әсіресе дамушы елдерде тұрақты даму саласындағы мақсаттарға жетуді қолдау үшін білім, тәжірибе, технологиялар мен қаржылық қорларды жұмылдыратын және тарататын көптеген мүдделі тараптардың қатысуымен толықтырылатын тұрақты даму мүддесіндегі Ғаламдық серіктестікті нығайту.
Міндет 17.17
Серіктестердің қорларын пайдалану тәжірибесіне және стратегияларына сүйене отырып, мемлекеттік ұйымдар арасындағы, мемлекеттік және жеке секторлар арасындағы және азаматтық қоғам ұйымдары арасындағы тиімді серіктестікті ынталандыру және мадақтау
Көрсеткіш 17.17.1
Міндет 17.18
2020 жылға дейін табыс деңгейі, гендерлік тиістілігі, жасы, нәсілі, ұлты, көші-қон мәртебесі, мүгедектігі, географиялық орналасуы және ұлттық шарттарды ескерумен басқа да сипаттамалары бойынша бөлшектелген жоғары сапалы, өзекті және анық мәліметтерге деген қолжетімділікті едәуір көтеру үшін дамушы елдердің, соның қатарында ең нашар дамыған елдердің және шағын аралдық дамушы мемлекеттердің әлеуетін өсіру мақсатында қолдауды күшейту
Көрсеткіш 17.18.1
Көрсеткіш 17.18.2
Көрсеткіш 17.18.3
Міндет 17.19
2030 жылға дейін қазіргі бастамаларға сүйене отырып, тұрақты дамуды қамтамасыз ету ісінде жалпы ішкі өнімнің көрсеткішіне қосымша ілгерілеуді басқа да өлшеу көрсеткіштерін даярлау және дамушы елдердің статистика саласындағы әлеуетін өсіруге жәрдемдесу