Міндеттер

Көрсеткіштер

15.1 2020 жылға дейін халықаралық келісімдерде белгіленген міндеттемелерге сәйкес жер үсті және ішкі тұщысу экожүйелерін және олардың қызметтерін, атап айтқанда ормандардың, сулы-батпақты алқаптардың, таулардың және шөлейт жерлердің сақталуын, қалпына келтірілуін және оңтайлы қолданылуын қамтамасыз ету
15.2 2020 жылға дейін ормандардың барлық түрлерін оңтайлы пайдалану әдістерін енгізуге жәрдемдесу, ормансыздануды тоқтату, тозған ормандарды қалпына келтіру және бүкіл әлемдегі орман өсіру және орманды қалпына келтіру ауқымдарын кеңейту
15.3 2030 жылға дейін шөлге айналумен күресу, шөлге айналған, құрғақшылыққа ұшыраған және су басқан жерлерді қосқанда, тозған жерлер мен топырақтарды қалпына келтіру және бүкіл әлемдегі жердің жағдайын нашарлатпауға ұмтылу
15.4 2030 жылға дейін тау экожүйелерінің, соның ішінде олардың биологиялық алуан түрлілігінің олардың тұрақты дамуға деген игілік беру мүмкіндіктерін арттыру үшін сақталуын қамтамасыз ету
15.4.2 Интернетте хабарланған Таудың өсімдік жамылғысы индексі Тегтер
15.5 Табиғи тіршілік ету орталарының тозуын тоқтату бойынша елеулі шараларды шұғыл түрде қолдану, биологиялық алуан түрлілікті жоғалтуды тоқтату және 2020 жылға дейін қырылу қаупіндегі түрлерді сақтау және олардың жоғалуының алдын алу
15.5.1 Интернетте хабарланған Қызыл тізім индексі Тегтер
15.6 Генетикалық қорларды пайдалану игіліктерін әділетті үлестіруге жәрдемдесу және халықаралық деңгейде келісілген шарттарда осындай қорларға тиісті қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал ету
15.7 Браконьерлік және флора және фаунаның қорғалатын түрлерінің контрабандалық саудасына нүкте қою үшін шұғыл түрде шаралар қолдану және тірі табиғаттың заңсыз өнімдеріне деген сұранысқа және олардың ұсынылуына қатысты мәселелерді шешу
15.8 2020 жылға дейін бөтен инвазивті түрлердің енуінің алдын алу бойынша және олардың жер үсті және су экожүйелеріне деген әсерін едәуір азайту бойынша шаралар қолдану, сондай-ақ сандарының шектелуінің немесе басым түрлерінің жойылуының алдын алу бойынша шаралар қолдану
15.9 2020 жылға дейін жалпы ұлттық және жергілікті жоспарлау және даму үдерістерінің барысында, сондай-ақ кедейлік ауқымдарын қысқарту стратегиялары мн жоспарларын дайындау жағдайында экожүйелер мен биологиялық алуан түрлілік құндылықтың есепке алынуын қамтамасыз ету
15.a Биологиялық алуан түрлілік пен экожүйелерді сақтау және тиімді пайдалану мақсатында барлық көздерден қаржылық қорларды жұмылдыру және айтарлықтай ұлғайту
15.b Орманды тиімді пайдалануды қаржыландыру үшін барлық көздерден және барлық деңгейде елеулі қорларды жұмылдыру және осындай басқару әдістерін пайдалану, соның ішінде ормандарды сақтау және қалпына келтіру үшін дамушы елдерге адекватты ынта беру
15.c Браконьерлік және қорғалатын түрлердің контрабандалық саудасымен күрес бойынша ғаламдық күш жұмылдыруды іске қосу, соның ішінде жергілікті халықтың тіршілік ету үшін экологиялық қауіпсіз түрде қаражат алу мүмкіндіктерін кеңейту арқылы